14 тамыз 2024
/ Новости Казахстана
Атырау облысында 22 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
Атырау облысында ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмаған 22 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған. Атырау облыстық Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Ермекқалидың мәліметінше, биыл игерілмеген 90 мың гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр.