Қазақстан жаңалықтары16 қазан 2023, 15:00

Қайрат Боранбаев 1,4 млрд теңгелік қонақ үйін мемлекетке қайтарады

Қайрат Боранбаев мемлекетке жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін қайтаратын болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі жариялады. 

Қ.Боранбаевтың компаниялары Мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берді.

Аумағы 5 мың шаршы метрден асатын бұл қонақ үй кешенінің жылдық айналымы 900 млн теңгеге жуық.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл нысанды әлеуметтік мақсатта демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастыру үшін пайдалану жоспарлануда.

Қайрат Боранбаев мемлекетке қайтару қонақ үй jntkm

Тақырыпқа жаңалықтар