Қазақстан жаңалықтары5 маусым 2024, 20:52

Храпунов жекеге беріп жіберген жедел жәрдем кешені мемлекетке қайтарылды

Алматыда жекенің қолына өтіп кеткен жедел жәрдем кешені мемлекетке қайтарылды. Прокуратураның мәліметінше, аталған нысанның жалпы құны – 3 млрд теңге, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының былтыр қараша айындағы шешімімен, қала прокурорының мемлекеттік мүлікті жеке меншікке беру жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енді», - деп атап өтті прокуратурадан.

Ауданы 3974 шаршы метр және 50 сотық жері бар бұл кешенді Алматы қаласының бұрынғы әкімі В. Храпунов жеке құрылымдарға заңсыз берген.

Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлік, қала әкімінің қаулысымен жедел медициналық жәрдем қызметінің балансына берілді, қосымша қосалқы станция ашу жоспарда бар.

жедел жәрдем кешені Виктор Храпунов мемлекетке қайтару

Тақырыпқа жаңалықтар