Атыраулықтар Париж Олимпиадасынан оралған Әбиба мен Эсмигүлге көлік сыйлады
Фото: Атырау облысының әкімдігі
Atıraw äkimdigi
Қазақстан жаңалықтары17 тамыз 2024, 0:53

Атыраулықтар Париж Олимпиадасынан оралған Әбиба мен Эсмигүлге көлік сыйлады

Атыраулықтар Париж Олимпиадасынан оралған дзюдошы аруларға көлік сыйлады. Атырауға Париж Олимпиадасына бақ сынаған дзюдошылар Әбиба Әбужақынова мен Эсмигүл Куюлова оралды. Әлемдік додада Әбиба Әбужақынова бесінші орын алған еді. Ал, Эсмигүл Куюлова алғашқы белдесуінде қарсыласынан жеңіліп қалды. Кейін командалық сайыста да қарсыласына есе жіберді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Олимпиада – әлемнің ең мықты спортшылары сынға түсетін дода. Сол себептен, бұл сайыста топ жару оңай емес. Осы тұрғыдан айтқанда, атыраулық дзюдошыларға кінә артудың жөні жоқ. Керісінше, Олимпиада ел намысын қорғаған спортшыларымызға қолдау білдіріп, жігерлендірген жөн. Атырау облысының жұртшылығы атынан демеушілер Әбиба Әбужақынова мен Эсмигүл Куюловаға көлік сыйлауды жөн көрді», - дейді Руслан Жұмағазиев, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Оның айтуынша, демеушілер Олимпиадан оралған дзюдошыларға «Zeekr» автокөлігін сыйға тартқан.

Еске сала кетелік, бұған дейін Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиаданың қандай екенін ұғындырғанын айтқан еді.

Атыраулықтар Париж Олимпиадасы Әбиба Әбужақынова Көлік

Тақырыпқа жаңалықтар