Зоопарк емес: сенатор колонияда Бишімбаевты неліктен көрсетпей жатқанын түсіндірді
Arbat.media
Arbat.media
Қазақстан жаңалықтары14 қараша 2024, 15:36

Зоопарк емес: сенатор колонияда Бишімбаевты неліктен көрсетпей жатқанын түсіндірді

ҚР Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары және жақында сенатор болған Марат Қожаев сотталған Қуандық Бишімбаевтың жазасын өтеу тәртібіне қатысты түсінік берді. Тілшілер «Қ. Бишімбаевтың шынымен де жазасын өтеп жатқаны туралы фотосуреті немесе бейнематериалдар неге жарияланбады?» деген сұрақ қойды. «Бишімбаевтың қай жерде қамауда отырғаны құпия емес. Біздегі колониялар әртүрлі категорияларға бөлінген, яғни жеңілдетілген, орташа және қауіпсіздік деңгейі жоғары деп айқындалған. Ол кісі барынша жоғары қауіпсіздік талабы қарастырылған Степногордағы колонияда өз жазасын өтеп жатыр», - деді М. Қожаев, - деп хабарлайды Arbat.media.

.Оның пайымынша, Қ. Бишімбаевтың қамауда отырған орнына қатысты дүрбелеңге тілшілердің тексерілмеген мәліметтерді таратып жіберуі себеп болды. Егер сотты болған адам өзін көпшілікке көрсеткісі келмесе, оны ешкім мәжбүрлей алмайды.

«Тиісті колонияда жазасын өтеп жатқаны нақтыланды. Сотталған адамның құқығы бар ғой? Ол жер зоопарк емес. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері сол жерде Бишімбаев отыр деп экскурсия жасай алмайды», - деді сенатор.

Қуандық Бишімбаев Зоопарк емес сенатор Колония

Тақырыпқа жаңалықтар