Бишімбаевтың анасы миллион долларды қайдан алғанын айтты
Бишімбаевтың анасы миллион долларды қайдан алғанын айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың анасы Әльмира Нұрлыбекова сотта 990 мың долларды (шамамен 453 миллион теңге) қайдан алғанын түсіндірді.
Ол туысқаны Бекзат Кемелованы осы ақшаны алдап алды деп айыптап отыр.
Бишімбаевтың анасы 1993 жылдан бастап бизнеспен айналысқан, ал 2003 жылдан бері жеке кәсіпкер ретінде Қызылорда базарына кәмпит, мандарин және апельсин жеткізіп тұрған. Кейін Таразда мектеп, одан соң спа-салон, Әулие-Ата университетін ашқан. Яғни, ақшаны заңды жолмен тапқанын түсіндірді.
Ал Бекзат Кемелова – күйеуінің туысқан ағасының әйелі. Ол Бишімбаевтардың үйінде тінту болады деп сендіріп, бір миллион долларды уақытша сақтауға алған, кейін қайтармаған.