Қазақстан жаңалықтары2 сәуір 2024, 11:42

«Жамандағым келмейді, бірақ Салтанат парадоксқа толы адам болды» - Бишімбаев

Астана қаласында әйелін аса қатігездікпен қинап өлтірді деп айып тағылған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жүріп жатыр. Сот отырысы айыпталушының сұрауымен алқабилер алқасы және БАҚ қатысуымен өтіп жатыр. Қоғамдық резонанс тудырған қайғылы жағдайға қатысты сот отырысы Жоғарғы соттың ресми әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көрсетілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Куәлік беру барысында Бишімбаев марқұм әйелінің түсініксіз мінезі туралы айтып берді. Айтуынша, Бишімбаевтың Салтанат Нүкеноваға қатысты нақты ойы болмаған. Нүкенованың өзі экс-министрге қызығушылық танытқан.

«Мен оны жамандағым келмейді. Бірақ Салтанат парадоксқа толы адам болды. Оны түсіне алмайсың. Тұрақсыз еді, кейде былай, кейде басқаша айтады. Таңертең «араласпай-ақ қояйық», деп кетіп қалды. Кешкісін қайтадан бір жерге апарып тастауымды сұрады», деп күлді Бишімбаев сот залында.

Айта кетейік, Бишімбаевтың бұл әрекетін мемлекеттік айыптаушы сынға алды. Прокурордың айтуынша, осы әрекетімен Бишімбаев жәбірленуші тарап пен марқұмның атына құрметсіздік көрсетіп отыр.

Ал Бишімбаев жүзіне үйірілген күлкіні әйелі туралы жақсы естеліктермен байланыстырып, кешірім сұрады.

Сондай-ақ ол Салтанатпен үйленгенше қарым-қатынасы өте жақсы болғанын, ал тойдан кейін Салтанаттың бірден өзгергенін айтады. Айтуынша, Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың қызық мінез-құлқын көре бастапты. Әйелі экс-министрге өзі себепсіз тиісіп, ұрыс шығарып, жоқтан өзгеге килігетін әдет те шығарған.

Қуандық Бишімбаев сот Салтанат Нүкенова Отбасы

Тақырыпқа жаңалықтар