Сенат Анастасия Щегорцованы ОСК мүшесі қызметінен босатты
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары7 қараша 2024, 16:00

Сенат Анастасия Щегорцованы ОСК мүшесі қызметінен босатты

Сенаттың жалпы отырысында ҚР Орталық сайлау комиссиясы мүшесінің өкілеттігі тоқтатылып, қызметінен босатылды. «Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті өз отырысында Сенат тағайындаған ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесін қызметінен босатуға ұсынылған кандидатураны алдын ала талқылап, оның нәтижесі бойынша қорытынды шығарды. Регламент негізінде Парламент Сенатына Анастасия Геннадьевна Щегорцованы Орталық сайлау комиссиясы мүшесі қызметінен босатуды ұсынамыз», — деді сенатор Нұрлан Бекназаров, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Палата депутаттары аталған ұсынысты қолдап, А. Щегорцованы қызметінен босатты.

Анастасия Геннадьевна 1980 жылы 28 тамызда Павлодар қаласында дүниеге келген.

2003 жылы Еуразия ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша, 2010 жылы «Әлеуметтану» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады.

Еңбек қызметі:

2003-2007 жж. — Астана қаласының Ішкі саясат департаменті (талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы, талдау және мониторинг бөлімінің жетекші маманы, департамент директорының орынбасары);

2007-2010 жж. — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Талдау және мониторинг департаментінің директоры;

2010-2013 жж. — Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті төрағасының орынбасары;

2013-2014 жж. — «Қазмедиа орталығы» БК» ЖШС Бас директорының стратегиялық жоспарлау және талдау жұмысы жөніндегі орынбасары;

2014-2017 жж. — Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Саясаттану» кафедрасының оқытушысы;

2017-2018 жж. — «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директоры;

2018 жылы — «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;

2018-2019 жж. — Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының БАҚ және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі;

2019 жылғы 7 қарашада — Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып сайланды;

2021 жылғы 29 қыркүйек — 2022 жылғы 30 наурыз — Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы.

2022 жылғы 30 наурызда — Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.

 

Анастасия Щегорцова ОСК қызметтен кетті Тағайындау

Тақырыпқа жаңалықтар