Талғар қаласының әкімі, орынбасары және аппарат басшысы қызметінен босатылды
ФОТО: КТК
КТК
Қазақстан жаңалықтары16 қазан 2024, 10:11

Талғар қаласының әкімі, орынбасары және аппарат басшысы қызметінен босатылды

Талғар қаласының әкімі Бахыт Күрішбеков қызметінен босатылды. Оның орынбасары Матан Сағындық пен аппарат басшысы Аслан Қасымбаев та жұмысынан айырылған. Талғар әкімдігінің сайтында шыққан бұйрықта шенеуніктер өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қызметінен қуылды делінген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сондай-ақ құжатта әкімдіктің басқа да қызметкерлеріне қатысты тексеріс жүргізіліп жатқаны айтылған, деп жазады КТК телеарнасы.

Ал Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбеков пен оның орынбасары Айбек Бидаев облыс әкімінен сөгіс алған.

Олар сеніп тапсырылған аумақтағы бақылауды әлсіреткені үшін жазаланып отыр.

Матан Сағындық Бахыт Күрішбеков Аслан Қасымбаев қызметтен кетті

Тақырыпқа жаңалықтар