Қазақстан жаңалықтары23 қазан 2023, 13:00

10 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 60 жастағы ер адам ұсталды

Алматы облысының полицейлері кішкентай қызды зорлады деген күдікпен 60 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.

17 қазан күні Жамбыл аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігімен жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«17 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу амалдары барысында қылмыс жасады күдікпен 1963 жылы туған Қ есімді азамат анықталып, ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұлтартпау шарасына санкция беру үшін іс материалдары сотқа жіберілді.

Істің тергеуін Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы бақылауға алды.

Алматы облысы педофил

Тақырыпқа жаңалықтар