Placeholder
Фото: Павлодар облысы полиция департаменті
Pavlodar oblısı polïcïya departamenti

34 келі марихуана, 2 келі гашиш — Елордада ірі көлемде есірткі жеткізуші ұсталды

Астанада Ақмола облысының аумағына ірі көлемде есірткі жеткізуші ер адам қолға түсті. Одан 34 келіге жуық марихуана, 2 келіден астам гашиш тәркіленді. Тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ақмола облысының аумағына ірі көлемде есірткі жеткізушінің жолы кесілді. Ақмолалық жедел уәкілдер елордада заңсыз айналымнан 34 келіге жуық марихуана тәркіледі. Бұл — қара нарықтағы құны 34 млн теңгені құрайтын 7 мыңға жуық дозаға тең, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сонымен қатар құны 5 млн теңге болатын 500-ден астам дозаға тең 2 келіден астам гашиш табылды.54 жастағы ер адам есірткіні тек өзінің үйінде ғана емес, жалға алынған жертөледе де сақтаған, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Мұнда полиция қызметкерлері есірткі заттарын орауға арналған құрылғыларды тәркіледі.Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

34 келі марихуана 2 келі гашиш есірткі жеткізуші Астана

Тақырыпқа жаңалықтар