Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары22 тамыз 2024, 20:14

Абай облысында 370 млн теңгенің ферроқорытпасын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Абай облысында пойыз арқылы Жапония мен Үндістанға бара жатқан 370 млн теңгенің мүлкі қолды болды. «Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Семей және Аягөз станциялары арасындағы учаскеде жүк пойыздарынан бірнеше рет ферроқорытпа ұрлаған топтың қылмыстық әрекеті тоқтатылды. Бұл жүк «Қазхром» ТҰК» АҚ құрамына кіретін Ақсу ферроқорытпа зауытына тиесілі болған. Жүк Қытай арқылы Жапония мен Үндістанға жіберілген болатын», - дейді Көліктегі ПД бастығы Бақытжан Малыбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Компанияға келтірілген залал сомасы 370 млн теңгеден асып отыр.

Абай облысы Жарма аудандық сотының шешімімен айыпталушылар кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Абай облысы Қылмыстық топ ферроқорытпа

Тақырыпқа жаңалықтар