Қазақстан жаңалықтары5 мамыр 2024, 19:55

Абайдың жиені Балтабек Ерсәлімов өмірден өтті

Белгілі өлкетанушы, журналист, филолог, хакім Абайдың жиені Балтабек Ерсәлімов өмірден өтті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Семей қаласының және Абай облысының Құрметті азаматы Балтабек Ерсәлімов 86 жасында дүниеден өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өлкетанушының отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Балтабек Ерсәлімов 1938 жылы 28 ақпанда қазіргі Абай облысы Семей қаласында дүниеге келген.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Еңбек ардагері», «Тыңға 50 жыл» медальдарының және «Құрмет» ордендерінің иегері.

Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов шығармаларын насихаттауға белсене қатысқан.

1992 жылы «Абай» журналының қайта жандануына зор үлес қосты.

«Абайдың ақын шәкірттері» жинағының жауапты шығарушысы.

Абайдың жиені Балтабек Ерсәлімов қайтыс болды

Тақырыпқа жаңалықтар