Placeholder
ФОТО: КТК
КТК
Қазақстан жаңалықтары29 тамыз 2024, 9:00

«Адам өлімі». Ақтөбеде жаппай төбелеске кінәлілер сот алдында

Ақтөбеде адам өлімімен аяқталған жаппай төбелеске кінәлілер сот алдында жауап бере бастады. Айыпталушы — алты жігіт. Олар адам өлтіріп, бұзақылық жасағаны үшін қамауға алынған болатын, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.

Алғашқы сот отырысына қатысушылар көп болды. Залда ине шаншар жер жоқ. Тергеу тоғыз айға дейін созылған еді.

Бұл қанды қылмыс жыл басында қала шетіндегі Қызылжар ауылында болған.

Әлеуметтік желіде сөзге келген екі студент жақтастарын ертіп түн жарымында дүкен маңында кездесуге уағдаласады. Екі жақ болып жұдырықтасқан соң, қарсы тарап төрт жігітке пышақ сұққан. Суық қару 17 жастағы студенттің көк тамырына тиіп, жүрегін жарақаттаған. Ол оқиға орнында тіл тартпастан көз жұмды.

Ал жарақат алған үш жігіттің беті бері қарап, қазір куәгер ретінде жауап беріп жатыр.

Прокурор, айыпталушы алты жігіттің ауыр қылмысқа алдын ала арнайы дайындалып барғанын айтады.

Азамат Бақытжанов, Ақтөбе облысы прокуратурасының аға прокуроры:

— Бір топ адам өзара алдын ала сөз байласу арқылы бұзақылық ниетпен пышақ қолдана отырып, Қызылжар елді мекені жігіттерін жаралаған. Әрқайсысының қылмыстық ойы бір екенін білдіріп және соған бағытталған іс-әрекетті бірге жүзеге асыруға келіскен.

 

Ақтөбе Төбелес Адам өлімі сот

Тақырыпқа жаңалықтар