Қазақстан жаңалықтары20 қазан 2023, 1:03

Әйел пышақ жарақатынан көз жұмды. Ауылдағылар ұлы өлтірді деп отыр

БҚО-да 56 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиға 18 қазан күні кешқұрым Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында болды.

 Әйел 18 қазан күні сағат 21.18-де пышақ жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды, деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтірген.

БҚО полиция департаменті қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын, ақпараттың кейін берілетінін жеткізді.

БҚО Шыңғырлау Пышақтау әйел өлімі

Тақырыпқа жаңалықтар