Ресейде Орталық әскери округтің бронетанк қызметінің бастығы ұсталды
Фото: picture alliance / NurPhoto
NurPhoto
Әлем19 қыркүйек 2024, 8:56

Ресейде Орталық әскери округтің бронетанк қызметінің бастығы ұсталды

Ресейде Орталық әскери округтің бронетанк қызметінің бастығы ұсталды. Генерал-майор Денис Путилов аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Тергеу комитеті. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.

Тергеу мәліметтері бойынша, Путилов Ресей қорғаныс министрлігіне әскери техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде жеке кәсіпкерден «бақылауды әлсірету, басқа жеңілдіктер мен преференция алу» үшін 10 миллион рубль алған.

2024 жылдың көктемінен бері Ресейде Қорғаныс министрлігінің шенеуніктері, Ресей қарулы күштері Бас штабының өкілдері және әскери салаға қатысы бар кәсіпкерлер тұрақты түрде қамауға алынды.

Ресей Орталық әскери округ Денис Путилов Жемқорлық

Тақырыпқа жаңалықтар