Қазақстан жаңалықтары7 маусым 2024, 23:39

Әйелін ұрған дипломат ісі: тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Қазақстандық дипломат әйелін 10 жыл бойы ұрып келген. Биыл 6 мамырда Қазақстанның БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Сәкен Мамаш әйеліне үнемі күш көрсеткені, тіпті жұбайының әпкесіне де қол көтергені туралы хабарлаған едік. Ізін суытпай бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі зардап шеккен қазақстандықтың БАӘ-ден отанына оралуына көмектесті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Карина Мамаш Қазақстанға балаларымен бірге ұшып келген. Оның анасы мен әпкесі де дағдарыс орталығына орналастырылған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Осыдан бірер күн бұрын Карина Мамаш жеке басына қайта қауіп төнгенін айтты.

«Бүгін менің әжеме Гүлнара апа қоңырау шалды, ол Сәкенді үш жасынан тәрбиелеген үлкен келін. Менің әжеме қоңырау шалып, «Кеш болмай тұрып, Карина шағымын кері қайтарсын, әйтпесе Сәкеннің Астанада, тіпті Қазақстан бойынша да достары бар» екенін айтқан. Достары оны (Каринаны) адам танымастай етеді немесе өлтіреді», - деген. Осыдан соң күйеуінен жәбір көрген әйел желідегі парақшасында үндеу жариялады.

Аталған қауіпке байланысты Астана полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған.

«Азамат Карина Мамашқа қысым көрсету фактісі бойынша Есіл ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, полициядан тергеу нәтижелері бойынша шешім қабылданатыны айтылды.

Сәкен Мамаш Қылмыстық іс қазақстандық дипломат қысым көрсету

Тақырыпқа жаңалықтар