Placeholder
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
Марат Қарабаев
Қазақстан жаңалықтары9 шілде 2024, 14:12

Air Astana бортсеріктері жазған шағым бойынша комиссия құрылды

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Air Astana борсеріктері жазған шағымға жауап берді және ондағы ақпараттың шындыққа сай келмейтінін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Жақында Air Astana бортсеріктері Президенттің атына хат жазды, онда компанияның көптеген мәселелерін, соның ішінде төмен жалақы, штаттың көп екені және Air Astana меншігінде 54 емес, 25 қана ұшақ бар екені айтылған. Бұл хат жөнінде қандай пікірдесіз?», - деп сұрақ қойды тілшілер Үкіметтегі брифингте, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Министр бұл хат бойынша тиісті комиссия құрылып, тексеру жүріп жатқанын, оның құрамында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Азаматтық авиация комитетінің бейінді қызметкері бар екенін атап өтті.

Комиссия қорытындысы қосымша хабарланады.

«25 ұшақ туралы хатта жазылған ақпараттар шындыққа жанаспайды. Air Astana-да шынымен 54 борт бар. Биыл тағы қосымша ұшақтар алынады. Хатқа қол қойғандар арасында Air Astana-ның бұрынғы қызметкерлері де байқалған. Жалпы әуе компаниясында 2 мыңнан астам бортсерік жұмыс істейді. Онда қызметкерлерге еңбекақы мен бонус төлеу жүйесі, 4-5 жұлдызды қонақ үй, өзі мен туыстарына 90% жеңілдік, мансаптық өсу секілді ең жақсы жағдай жасалған», - деді М. Қарабаев.

Марат Қарабаев Air Astana бортсеріктер шағым

Тақырыпқа жаңалықтар