Қазақстан жаңалықтары15 қазан 2023, 19:10

Алаяқтар WhatsApp-та алдай бастаған

Елімізде алаяқтардың WhatsApp мессенжері арқылы алдаған фактілері көбейген, - деп хабарлайды Arbat.media.

WhatsApp-қа  қоңырау шалып, өзін банкте істеймін деп, қауіпсіздік пен алаяқтықтықтан қорғау үшін аталған қосымша пайдаланылатынына сендіріп, сіздің атыңыздан жасалған банк операциясын айтады.

«Сіз онлайн несиеге өтініш бердіңіз бе?», «Басқа қаладан карта ауыстыруға өтініш тіркелді», «Өтінішті құптайсыз ба?», «Каспи немесе  Халық банкінің клиентісіз бе?» және т. б.

«Осылай деп сұраса, еш мәлімет бермей, тұтқаны қоя салыңыз. Банк қызметкерлері WhatsApp мессенжерінен хабарласпайды. Күмәндансаңыз, қаскүнем болып көрінетін ұйымның ресми нөміріне қоңырау соғып немесе 102-ге хабарласыңыз» деп ескертеді полиция департаменті.

whatsapp Алаяқтар

Тақырыпқа жаңалықтар