Қазақстан жаңалықтары20 қаңтар 2024, 1:35

Алматы облысында көлік тізгіндеген 9-сынып оқушысы қызды қағып кетті

Алматы облысында көлік тізгіндеген 9-сынып оқушысы қызды қағып кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиға Кеңдала ауылында болған.

Бейнебақылау камерасынан екі оқушы қыздың жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқанын көруге болады.

Осы кезде бұрыштан жылдамдықпен көлік шыға келді.

Қыздар тоқтаған кезде, көлік жаяу жүргіншілерге қарай күрт бұрылды,

Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік оқушы қыздарды қағып кетті. Бағына қарай қыздар ауыр жарақат алмаған.

«Жедел іздестіру іс-шарасында полицейлер көлік жүргізушісі мен иесін анықтады. Зардап шегуші дәрігерлерге қаралып, дене жарақатының жоқтығына байланысты үйіне жіберілді», - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы облысы Кеңдала Оқушы Жол апаты

Тақырыпқа жаңалықтар