Қазақстан жаңалықтары5 қаңтар 2024, 17:27

Алматы облысында жоғалып кеткен әйел 10 күннен бері табылмай жатыр

Алматы облысында 10 күннен бері 33 жастағы әйелді іздестіріп жатыр. Мөлдір Әбдіманапова 25 желтоқсанда үйінен шығып, бүгінге дейін оралмаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Lider kz волонтерлері мәлім еткендей, Алматы облысында Кеген ауылының тұрғыны 1990 жылы туған Әбдіманапова Мөлдір Берікқызы із-түссіз жоғалып кетті. 

Туысқандарының айтуынша, ол 2023 жылы 25 желтоқсан күні таңғы сағат 06:00-де үйінен шығып кетіп, бүгінге дейін қайтып оралмаған. Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Волонтеры Алматы "LIDER.KZ" (@volontery_almaty_lider.kz)

«Еріктілер, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан. 

Мөлдір Әбдіманапова жоғалып кетті Іздеу Алматы облысы

Тақырыпқа жаңалықтар