Placeholder Алматы облысының әкімдігі Талғарда үйі өртенген отбасыға көмектеседі
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
Қазақстан жаңалықтары12 қазан 2024, 13:11

Алматы облысының әкімдігі Талғарда үйі өртенген отбасыға көмектеседі

Алматы облысының әкімдігі бүгін түнде үйі өртенген марқұм Шерзат Болаттың отбасына көмек берілетінін хабарлады. Әкімдік мәліметіне сәйкес, оларға жөндеу жұмыстары аяқталғанша уақытша баспана және өртенген үйді жөндеуге көмек беріледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

- Алматы облысының әкімдігі баспанасын өрт шалған Ш.Болаттың отбасына тұрғын үйді қалпына келтіруге көмектесетін болды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сонымен қатар, оларға жөндеу жұмыстары аяқталғанша уақытша баспана беріледі, - деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, 4 қазан күні Талғар қаласындағы төбелестен жасөспірім қайтыс болғанын жазғанбыз.

Бүгін түнгі уақытта жанжалдан қайтыс болған 16 жасар Шерзаттың үйі өртеніп, полиция оның отбасын қорғауға алды.

ҚР Бас прокуратурасы бұл жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

үй өртенді Талғар Шерзат Болат

Тақырыпқа жаңалықтар