Қазақстан жаңалықтары5 желтоқсан 2023, 20:26

Алматыда әрекетке қабілетсіз адамдардың құқығы бұзылған

Медеу ауданы прокуратурасының жүргізген талдау нәтижесінде Алматы қаласында әрекетке қабілетсіз адамдардың құқықтарының жүйелі түрде бұзылғандығы анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Алматы прокуратурасы жариялады.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 121-бабына сәйкес сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамға қорғаншылықты немесе қамқоршылықты немесе мүлікке қорғаншылықты белгiлеу қажеттiгi туралы тиiстi органдарға белгiлi болған кезден бастап 20 жұмыс күні iшiнде қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi.

Психикасының бұзылуынан, басқа да аурулардан зардап шегетін 423 адам анықталды, оларға ұзақ уақыт және тіпті жылдар бойы қамқоршы тағайындалмаған.

Мысалы, М. азаматын 2001 жылы сот әрекетке қабілетсіз деп таныған. Оның заңды өкілі тек 2022 жылы, яғни 20 жылдан астам уақыттан кейін ғана белгіленген.

Осыған ұқсас азамат О. қамқоршысы 18 жыл өткеннен кейін, И. азаматына 10 жылдан кейін, А. азаматына 9 жылдан кейін тағайындалған.

Тек талдау кезінде ғана заңды өкілдері болмаған 110 адам анықталды.

Көрсетілгендер олардың туыстарының өз іс-әрекеттеріне есеп бере алмайтын және өз құқықтарын өз бетінше қорғай алмайтын адамдардың денсаулығы мен мүлкіне толыққанды қамқорлық жасай алмайтын заңды іс-әрекеттер жасай алмауына әкеп соқты.

Мұндай жағдай сот шешiмдерін орындауға уақтылы жiбермеуiнен және қорғаншы және қамқоршы органның тарапынан бақылаудың болмауынан туындаған.

Уәкілетті орган 47 әрекетке қабілетсіз адамның мүлкіне тыйым салмағанын анықтады.

Уақытында тыйым салынбағанның кесірінен, есі дұрыс емес Р-дың жалғыз пәтерін бөгде адамдарға өсиет жасау арқылы тартып алу әрекетіне әкеп соқты.

Алмалы ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша заңсыз өсиет жарамсыз деп танылып, әрекетке қабілетсіз Р. қаланың әлеуметтік нысандарының біріне орналастырылды.

Медеу ауданы прокуратурасының ұсынысы бойынша қорғаншы және қамқоршы органдардың 7 лауазымды тұлғасы жіберген бұзушылықы үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылып, бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылданды.

Алматы мүгедектер құқығы бұзылған

Тақырыпқа жаңалықтар