Қазақстан жаңалықтары19 шілде 2024, 12:00

Алматыда сальмонеллезбен сырқаттану 2 есе өсті

Алматыда бірінші жартыжылдықта сальмонеллезбен ауырған 32 жағдай тіркелсе, оның 8-і баладан анықталған. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, 100 мың тұрғынға шаққандағы сальмонеллезбен ауыру көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе өсті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Сальмонеллезбен ауырғандардың жалпы санынан 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 25,0 пайыз. Белгілі болғанындай, науқастардың басым бөлігі үй жағдайында дайындалған сапасыз өнімдерін тұтынған, әзірлеу технологиясы мен сақтау шарттары бұзылған, жеке бас гигиенасын сақтамаған. Бірен-саран жағдайда қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішкенен ауырған», - деді ол.

Санитарлық эпидемиолог қоғамдық орындарда азық-түлік өнімдерін, оның ішінде жеміс-жидек пен көкөністі сатып алғанда, оның құрамы мен жасалу мерзіміне, сыртқы түріне ерекше назар аудару керектігін еске салады.

Сальмонеллез – температураның көтерілуімен, іш бөлігіндегі қатты ауру сезімнің болуымен, құсумен және іш өтумен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.

Алматы сальмонеллез Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар