Қазақстан жаңалықтары31 қаңтар 2024, 19:52

Алматылық дәрігерлер мүмкін емес нәрсені жасады

Алматы дәрігерлері жүру мүмкіндігі шектелген науқасты аяққа тұрғызды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 62 жастағы миының қан айналымы бұзылған науқас жеткізілген. Дәрігерлер жедел түрде жоғары технологиялық тексерулер өткізіп ем-шараны бірден бастаған. 

Денесінің оң жақ бөлігі мүлдем жұмыс істемей, аяқ-қолын да қозғалта алмаған.Уақытында емдеуді бастағанның арқасында науқас тез оңала бастады. Оңалту шарасын ерте бастап, инсульт салдарының ауырлығын азайтуға және 80% ықтималдықпен  қайталанудың алдын алуға көмектесті. Емдеу терапиясынан, ерте оңалту шараларынан, науқасты белсендіруді және тамыр құбылыстардың қайталануының алдын алдық», -дейді ОҚКА инсультологы Азиз Исмаилов.

Науқастың бұлшықеттері қалпына келіп, қимыл-қозғалысы үйлестіріп, бет ассиметриясын қалпына келді.

Дәрігердің кеңесімен, ары қарай емдеуді өз емханасында жалғастыруы үшін ауруханадан шығарылды.

Бұл уақтылы әрі сапалы медициналық көмек көрсету адам өмірін толықтай өзгертіп, оны толыққанды өмір сүру салтына қайтару мүмкін екенін тағы бір дәлелдей түсті.

Алматылық дәрігерлер науқас өмірін құтқарып, оны қалыпты өмірге қайтару арқылы өзінің   жоғары біліктілігі мен іскерлік қабілетін көрсетті.

 

Алматы орталық клиника Азиз Исмаилов науқас

Тақырыпқа жаңалықтар