Ақмолалық жігіт Эльбрус шыңында «Адай» күйін ойнады
Фото: видеодан алынған кадр
beyne ékran
Қазақстан жаңалықтары26 тамыз 2024, 10:34

Ақмолалық жігіт Эльбрус шыңында «Адай» күйін ойнады

Ақмола облысының тумасы, бүгінде Астана қаласында еңбек етіп жүрген 26 жастағы Әлібек Қайырбек Эльбрус шыңына шығып, Құрманғазының «Адай» күйін орындады. Жігіттің әкесі Амангелді Қайырбековтің айтуынша, Әлібек — алты баланың үлкені, жасы 26-да, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Көкшетауда туып-өсті, облыс орталығындағы № 19 орта мектепте оқыды. Тоғызыншы сыныптан соң Астана қаласындағы ұлттық өнер университеті жанындағы музыка колледжінің домбыра бөліміне оқуға түсті. Одан әрі білімін „Шабыт“ ұлттық өнер униерситетінде жалғастырды. Оны бітіріп, қазір Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының халық аспаптар оркестрінде домбырашы болып жұмыс істеп жүр», — дейді жігіттің әкесі, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде Ақмола облысының тумасы Әлібек Қайырбек есімді домбырашының Эльбрус шыңында Құрманғазының «Адай» күйін орындағаны туралы бейнеролик тараған болатын.

Желіде желдей ескен бейнероликтегі жерлесіміздің өнеріне желі қолданушылар тәнті болды.

Эльбрус Адай күйі Әлібек Қайырбек

Тақырыпқа жаңалықтар