Қазақстан жаңалықтары8 шілде 2024, 20:57

Ақтөбеде қанжоса болып жүрген адамдар жұртты шошытты

Ақтөбе қаласында адамдар арасында төбелес болып, көшеде қанжоса болып жүрген ер азаматтар жұртты қорқытты. Қазіргі кезде оқиғаға қатысы бар күдіктілердің бәрі анықталып, ұсталды. Оқиға Ақтөбе қаласындағы 8 шағын ауданда болған. Видеодан бірнеше адамның қанжоса болып жүргенін көруге болады. Сонымен бірге бірнеше полиция қызметкері мен жедел жәрдем бригадасының өкілі бар. Алғашында көпке бағынбай, қарсыласып жүрген адамның пышақ жарақатын алған болуы мүмкін екені, тіпті бірнеше адамды жаралағаны туралы ақпарат тарап кетті. Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

- Оқиға туралы хабарлама келіп түскеннен кейін дереу полиция жасағы жіберіліп, заңсыз әрекеттер тоқтатылды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. «Денсаулыққа зиян келтіру» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр,- деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе қанжоса Жанжал адамдар

Тақырыпқа жаңалықтар