Қазақстан жаңалықтары1 маусым 2024, 23:59

Астанада «AIALA» экофестивалі басталды

Халықаралық балаларды қорғау күнінде елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-тың ұйымдастыруымен «AIALA» арт-экофестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Балалар мен жастардың арасында экология тақырыбындағы шығармашылық бастамаларды қолдауды мақсат еткен дәстүрлі фестивальде 8, 9, 10 сынып оқушылары арасындағы республикалық байқау жеңімпаздары марапатталды. Ұйымдастырушылар байқауға барлық өңірден 250-ден астам өтініш түскенін айтады, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

6 бағыт бойынша ақтық сайысқа шақырылған 36 үміткердің ішінен үздік шыққан 6 жеңімпазға «Халық» қайырымдылық қорының атынан 1 млн теңгеден сыйақы берілді.

«AIALA» арт-экофестивалі 3 күн бойы өтеді. Іс-шара аясында балаларға кескіндеме, макулатураның көмегімен өнер нысандарын құру, қаржылық сауаттылық және киіз басу сынды бағыттарда шеберлік сағаттары өткізіледі.

Экологиялық фестивальді Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұйымдастырғанын айта кету керек.

«AIALA» Астана экофестиваль

Тақырыпқа жаңалықтар