Placeholder
ФОТО: КТК
КТК
Қазақстан жаңалықтары12 қыркүйек 2024, 9:34

Астанада бос ғимараттан 14 жастағы қыздың мәйіті табылды

Астанада иесіз тұрған ғимараттан 14 жастағы қыздың мәйіті табылды. Әзірге полиция мән-жайды ашық хабарлаған жоқ. Ал қыздың денесі жатқан ескі ғимарат мектептің дәл жанында, - деп хабарлайды Arbat.media.

Тозығы жеткен екі қабатты ғимарат бұрын балабақша болыпты. Көп жылдан бері қаңырап бос тұр.

Оқушы қыздың өлі денесі осы нысанның ішінен табылған.

Сырты қоршалмаған ескі балабақшада көбінесе қаңғыбастар түнеп жүреді екен.

Ал қыз баланың ол жерге неге, қашан барғаны әзірге белгісіз.

Өйткені марқұм іргедегі мектепте оқымаған. Қазір қылмыстық іс қозғалды.

Полиция жеткіншектің ажалы адам қолынан болды ма, жоқ па, соны тексеріп жатыр.

Астана бос ғимарат 14 жастағы қыз мәйіт

Тақырыпқа жаңалықтар