Қазақстан жаңалықтары27 маусым 2024, 11:00

Астанада жігітті пышақтап, көшеде тастап кеткен

Астанада Иманов көшесіндегі ойын-сауық мекемесінің жанынан қансырап жатқан жігіт табылды. Оқиға таңғы сағат төрт шамасында болған. Жігіт пышақ жарақатын алған, көшеде қансырап жатқан күйінде табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Астана қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар адамды анықтады.

Астана Пышақтау жігіт

Тақырыпқа жаңалықтар