Placeholder
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары27 тамыз 2024, 9:10

Атырау облысында екі компания мемлекет иелігіндегі жерді заңсыз басып алған

Атырау облысында екі компанияның мемлекет иелігіндегі жерді заңсыз басып алғаны анықталған. Ал бір компания топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алған, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

Атырау облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінен мәлім еткендей, Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылының маңайында жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

«Тексеру кезінде «А» ЖШС-нің топырақтың құнарлы қабатын заңсыз сыдырып алып, жоюға қатысты дерек анықталды. Осыған байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 337-бабының 1-бөлігімен «А» ЖШС-ға 3 млн 692 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Серіктестікке жер заңдылығының талабын бұзу дерегін жою туралы нұқау берілді. Бұл нұсқау міндетті түрде орындалуға тиіс», - деп хабарлады өңірлік департаменттен.

Сондай-ақ, құқық белгілейтін құжаттарсыз мемлекет иелігіндегі жерді заңсыз басып алу фактілері анықталып отыр. Осы дерекке қатысты «C» және «А» ЖШС-ға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136-бабына сәйкес әкімшілік істер қозғалған. Аталған серіктестіктерден жалпы сомасы 369 мың теңгеден асатын айыппұл өндірілді.

Атырау облысы Жер Заңсыздық компания

Тақырыпқа жаңалықтар