Placeholder
ФОТО: iaa-jsc.kz
iaa-jsc.kz
Қазақстан жаңалықтары13 тамыз 2024, 12:00

Атырау халықаралық әуежайы Катар компаниясына сатылатын болды

Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайы катарлық компанияға сатылатын болды. Тоз-тозы шыққан стратегиялық нысанға 30 жылдан бері түріктер иелік еткен. Енді үкімет әуежай акцияларын ерекше инвестициялық жоба ұсынып отырған QazAir Investments LLC компаниясына бермекші.  Катарлық инвесторлар тар транзит аумақтан жаңа терминал салып, көлемін кеңейтпекші. Бұған дейін Атырау әуежайы арқылы жылына бір миллион жолаушы ұшып-қонса, жаңа кешен арқылы олардың саны 3 млн-ға жетеді деп жоспарлануда, - деп хабарлайды Arbat.media.

Аумағын қазіргіден төрт есеге ұлғайту көзделген. Әуежайдың қасбеттеріне Батыс және Шығыс елдерінің мәдениеті сомдалады деп жазады КТК телеарнасы.

Осындай жаңашылдық жасаймын деп, өз жобасымен қызықтырған инвестормен қазір келісім жасалып жатыр дейді әкімдіктегілер.

Руслан Жұмағазиев, Атырау облысы әкімдігінің ресми өкілі:

— Бұл маңызды жоба бойынша Үкімет деңгейінде келісімдер жасалып жатыр. Әрине, бұл жүзеге асырылса, Атырау әуежайы кеңейіп, жолаушыларға жағдай жасалады. Нысан кеңейтіледі. Бұған дейін 10 ғана тіркеу орны болса, жаңа кешенде ол отызға жетеді. Үлкен өзгеріс. Жарты жыл ішінде жасалады деп жоспарланып отыр. Қазір келісім жүріп жатыр.

катарлық компания Атырау Әуежай

Тақырыпқа жаңалықтар