Қазақстан жаңалықтары3 шілде 2024, 13:23

Атырауда ер адам 6-қабаттан секіріп өлді

Aтырау қаласында ер адам көпқабатты үйдің 6-қабатынан секіріп кеткен. Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға 2 шілдеде болаған.Әлі 30-ға толмаған жас жігіттің суицид жасап, өмірін қиюына не себеп болғаны белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Түнгі сағат 01:00 шамасында Атырау қаласындағы „Нұрсая“ шағын ауданында ер адам тұрғын үйдің 6-қабатынан секіріп кетті. Ауыр дене жарақатын алған 29 жастағы ер адам оқиға орнында қайтыс болды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

 

Атырау ер адам секіру өлім

Тақырыпқа жаңалықтар