Placeholder
Фото: Алматы облысының әкімдігі
Almatı oblısınıñ äkimdigi
Қазақстан жаңалықтары19 қыркүйек 2024, 10:00

«Ауыл аманаты»: Атырау облысында 192 жобаға қаржы берілген

Былтыр Атырау облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылардың 192 жобасына қаржы берілген. Атырау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Амангелді Саламаттың мәліметіне сүйенсек, биыл қосалқы шаруашылықты дамыту үшін 83 жобаны қаржыландыру жоспарланған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жеңілдетілген несие беріледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Былтыр «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауылдарға қосалқы шаруашылықты дамытуға бағытталған 192 жоба қаржыландырылды. Соның нәтижесінде жұмыссыз жүрген 36 адамның кәсібін бастайтыны, жаңадан 199 жұмыс орнын ашу көзделген еді. Қазір 40 жаңа жұмыс орны құрылып, міндетті төлемдері төленді. Ал, несие алушылардан қайтарылған қаржыны 1 кооператив пен 10 шағын кәсіп иесіне беру процедурасы жүріп жатыр. Жоба аясында 908 ірі қара, 1 010 жылқы және 1 215 қой сатып алынды», -дейді Амангелді Саламат.

Оның айтуынша, қосымша жобаларды жүзеге асыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне бюджеттік өтінім жолданған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжановтың пікірінше, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін кеңейту қажет. Бұл үшін жергілікті ірі компаниялармен қоян-қолтық жұмыс жасауға қадам жасаған жөн.

«Мәселен, Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранысты арттыру үшін әкімдік пен «Қарашығанақ» компаниясы арасында меморондумға қол қойылды. Атырауда да осындай мүмкіндік бар деп ойлаймын. Себебі, мұнда «Теңізшевройл», NCOC және отандық мұнай компаниялары бар. Ауыл шаруашылығы өнімдерін халықаралық стандартқа сәйкестендіріп, ірі мекемелерге ұсыну қажет. Бұл – импорт көлемін азайтатын тиімді жол», -деді Ералы Тоғжанов.

Ауыл аманаты Атырау облысы жоба Қаржы

Тақырыпқа жаңалықтар