Қазақстан жаңалықтары2 сәуір 2024, 8:12

«Аяғын ғана шаба алмаған, қалғанын бөлшектеп тастапты»: Күйеуін өлтірген әйел туралы

Түркістанда күйеуін аса қатігездікпен өлтірген келіншектің қайын жұрты оқиғаның мән-жайын айтып берді. Марқұмның әпкесі Керемет Арызбекова інісі мен келінінің қарым-қатынасы өте жақсы болғанын, екеуі бір-бірін қатты жақсы көргенін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап Egemen.kz жазады.

«Інім мен келінімнің ұрыс-керісін көрмегенмін. Екеуі бір-бірін қатты жақсы көретін. Бақтияр таңнан кешке дейін жұмыста жүретін. Автосервисте көліктердің моторын жөндейтін, арасында таксист болып қосымша ақша табатын. Келінім бала тәрбиесімен үйде отырды. Жұмыс істеп көрген емес. Келінімнің психологиялық ауытқуы бар екеніне сенбеймін», деді марқұмның әпкесі.

Керемет інісінің қайтыс болғанын 11 тамыздан 12 тамызға қараған түні сағат 01:25 шамасында құзырлы орган қызметкерлерінен білгенін айтты.

«Ол мәйітті 9, 10, 11 күндері үйде сақтаған. Денесін тапқан кезде мен де бармақ болдым. Бірақ маған ешкім рұқсат бермеді. Сотқа барғанда сондағы бас маман менің кім екенімді сұрады. Жәбірленуші тараптанмын деп едім «сорпаға да олай турамайтын шығар» деді. Сөйтсем, денені бөлшектеп тастапты. Бір аяғын ғана шаба алмаған, басқасын бөлшектеп тастапты. Бір аяғы төркін жағынан табылды. Бұл қылмысты келінім бір өзі істеді деп ойламаймын. Бақтиярдың дене бөлшектері Келес өзенінен табылды. Өзен менің үйіме жақын орналасқан», деп қосты марқұмның әпкесі.

Айта кетсек, Құндыз күйеуін өлтірген соң денесін бөлшектеп, бөшкеге салып, кейін өзенге ағызып жібергенін бұған дейін хабарлаған едік. Оған көршісі көмектескен болып шықты. Алайда көршісі бөшкеде Бақтиярдың мәйіті жатқанын білмеген.

«11 тамыз күні түнгі сағат 00:00 мен 01:00 арасында Құндыз келіп: «Руслан, тұршы. Қойдың еті бар еді, жүнімен. Сасып кетіпті. Апарып тастау керек» деді. Мен Бақтияр ұрысатынын айтып, бармайтынымды айттым. Қоймаған соң көлікті қыздырып, жүк салғышты аштым. Жағымсыз иіс шығып тұрды. Эмульсияның шелегі мен екі бөшке бар екен. Бөшкелерді маған аштырған жоқ. Оларды салып, өзенге келіп, лақтырдық. Ал бөшкенің ішінде қой емес, Бақтиярдың мәйіті екенін үйге келгенде білдім. Үйге барсам полиция құзырлы органдар жүр екен. Солар айтты», деді марқұмның көршісі Руслан Хасанов.

Еске салайық, оқиға өткен жылдың 9 тамызында болған. Ерлі-зайыптылардың ортақ некесінен 3 бала бар. Қылмысқа барған 34 жастағы келіншек әлеуметтік желіде, әсіресе TikTok-та белсенді болған.

Ал Құндыздың туыстары марқұм әйелін жиі ұрып, қорлық көрсеткенін алға тартты.

Түркістан күйеуін сойған әйел күйеуін өлтірген бөлшектеп тастаған

Тақырыпқа жаңалықтар