Қазақстан жаңалықтары6 шілде 2024, 10:38

Балаларына алимент төлемеген борышкерлер қамауға алынды

Атырау облысында балалары үшін алимент төлемей жүрген екі борышкердің ісі сотта қаралды. Сот қаулысымен борышкерлер қамауға алынды. Қызылқоға аудандық сотының ақпаратына сүйенсек, борышкерлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігінің талабын бұзған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Борышкерлер кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағу үшін айлық табысының және өзге де кірісінің тиісті мөлшерінен алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындамағаны анықталды. Сот отырысында құқық бұзушылар өз кінәсін мойындап, жұмысқа орналасуға және балаларын асырап-бағу үшін алимент төлеуге уәде берді. Сот қаулыларымен құқық бұзушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Құқық бұзған борышкердің әрқайсысына 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды», -деп хабарлады аудандық соттан.

Сот қаулылары заңды күшіне енді.

 

Атырау облысы сот Алимент қамауға алу

Тақырыпқа жаңалықтар