Қазақстан жаңалықтары17 шілде 2024, 12:34

Баланы мектепке дайындайтын бағдарлама әзірленді

«Балақайлар мектебі» бағдарламасы балалардың мектепке бейімделуін жеңілдетіп, педагогтердің болашақ оқушыларымен жақынырақ танысуына көмектесуге арналған. «Балақайлар мектебі» балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының барлық бағыттары бойынша мектепке алдын ала дайындауға мүмкіндік береді. Бағдарлама мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру стандартына сәйкес әзірленген, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Бағдарлама бойынша оқыту 1 айға арналған. Сабақтар күн сайын 30 минуттан 10 минуттық үзіліс арқылы өткізіледі. Балаларға білікті бастауыш сынып мұғалімдері немесе мектепалды сынып мұғалімдері сабақ береді», деді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.

Балақайлар мектебі мектепке дайындау бағдарлама Білім беру

Тақырыпқа жаңалықтар