Placeholder
Фото: Мәдениет министрлігі
Mädenïet mïnïstrligi
Қазақстан жаңалықтары27 қыркүйек 2024, 12:00

«Бауырына салу» фильмі Қазақстан атынан Оскарға ұсынылды

Режиссер Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» фильмі Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген. Фильм жақында «Тұлпар» ұлттық сыйлығын иеленді және Оскар комитетіне International Feature Film номинациясы бойынша Қазақстан атынан ұсынылып отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Америка академиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

9-13 желтоқсан аралығында академиктер шортлист жасақтайды, ол 17 желтоқсанда жарияланады. Дауыс беру 2025 жылдың 8-12 қаңтары аралығында өтеді.

Оның қорытындысы бойынша 17 қаңтарда барлық санаттағы номинанттар белгілі болады. Үшінші, соңғы кезең 11-18 ақпан аралығында өтеді.

Жеңімпаздардың есімі 2025 жылдың 2 наурызында Лос-Анжелесте конверттерді ашу салтанатында жарияланады.

Егер фильм номинант ретінде ұсынылса, режиссер шақырту алады.

«International Feature Film» санатындағы мүсіншеде мемлекет пен фильмнің атауы және режиссердің есімі көрсетіледі. ‎

Режиссер Асхат Кучинчирековтың туындысы қазір де халықаралық аренада әртүрлі кинофестивальдерде жүлдегер болып жүр.

Сан-Себастьян кинофестивалінде премьерасы өтіп, Қазақстандағы үздік дебюті үшін «Сыншылардың таңдауы» сыйлығын, Asia Pacific Screen Awards (APSA) кинофестивалінде ең үздік жастар фильмі сыйлығын, 22-ші халықаралық «Дух огня» кинофестивалінің бас жүлдесін және басқа бірқатар марапатты иеленді.

Таяуда ғана фильмнің операторы Жанарбек Елеубек XX «Алтын минбар» Қазан халықаралық кинофестивалінде «Толықметражды көркем фильмдегі үздік операторлық жұмыс» номинациясын жеңіп алды.

Бауырына салу фильмі әжесінің қолында өскен жеткіншектің оқиғасын баяндайды.

Әжесі қайтыс болғаннан кейін ол ата-анасына оралуға және өзі бөтен санайтын адамдармен жаңа ортада қарым-қатынас құруға мәжбүр болады.

«Бауырына салу» фильмі Оскар Ұсыныс

Тақырыпқа жаңалықтар