Placeholder
Фото: Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары21 тамыз 2024, 19:48

Бірнеше жерде жұмыс істейін азаматтар МӘМС үшін екі мәрте жарна төлей ме

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін азаматтар аударатын жарна көлемі шектелген. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқармасының төрағасы Әбілқайыр Сқақов айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Сұхбат барысында агенттік тілшісі бірнеше жерде жұмыс істейтін отандастарымыздың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды бірнеше рет төлейтіндігін айта келе мұның себебін сұраған болатын. Қор басшысы мұндай жайттың болмайтындығына сендіреді.

«Басты ерекшеліктерін айттым, белгілі бір шектен жоғары жарна мен аударым болуы мүмкін емес. Бұл жұмысшылар үшін 2 пайыз – айына 17 мың теңге болады. Жалақы 850 мың теңге болғанда. Ол бірнеше, 3-4 жерде жұмыс істеуі мүмкін және оның жиынтық табысы егер де осы мөлшерге жетпесе – 2 пайыз. Ал егер асып кетсе аударым – 17 мың теңге. Ол анықтаманы жұмыс орнына ұсынып, аударым жасалады. Яғни, қанша жұмысы болғаны маңызды емес, жоғары көлем маңызды. Ол шектелген», - деді Әбілқайыр Сқақов.

МӘМС бірнеше жұмыс жарна

Тақырыпқа жаңалықтар