Қазақстан жаңалықтары23 қараша 2023, 11:46

Биыл 18 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 17 903 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 124,9 мың этникалық қазақ оралды. 

Жыл басынан Қазақстанға қандастардың жартысы (53,8%) Өзбекстаннан, 19% – Қытайдан, 11% – Моңғолиядан , 7,6% – Ресейден, 6,5% – Түрікменстаннан және 2,1% басқа елдерден келген.

"Осы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,7%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 30,7%-ды және зейнеткерлер 8,6%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,3%-ы жоғары білімді, 34,5%-ы орта кәсіби білімді, 41,7%-ы жалпы орта білімді, және 8,5% білім жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды", - деп жазды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2023 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 337 адамды құрайды. 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1 870 қандас қоныс аударды.

 

 

этникалық қазақ қандас мәртебесі Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар