Қазақстан жаңалықтары17 ақпан 2024, 15:00

Биыл Ораза қашан басталады?

Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа Айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Десе де назарға ұсынылған күнтізбеге сәйкес, 2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталады.

Ал қасиетті Қадір түні 5 сәуірден 6-сына қараған түнге сәйкес келіп тұр.

Барша мұсылманның тағы бір қасиетті мейрамы - Ораза айт 10 сәуірге белгіленді. Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға сәйкес келді.

Мүфтият Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалатынын еске салды.

2024 жыл Рамазан айы Ораза айт Құрбан айт

Тақырыпқа жаңалықтар