Қазақстан жаңалықтары24 мамыр 2024, 11:00

Бұрын істі болған адам балабақшада 9 жыл жұмыс істеген

Жетісу облысында бұрын істі болған адам балабақшада 9 жыл бойы жұмыс істеп келген. Оны Ақсу ауданы прокурорлары тексеріс барысында анықтаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, 52 жастағы ер адам Қызылағаш ауылындағы балабақшада 9 жылдан бері күзетші болып жұмыс істеген. Оның 1994 жылы «Адамға қасақана ауыр дене жарақатын келтіру» бабы бойынша істі болғаны анықталды. Бірақ аталған мәліметті жұмыс беруші тарап білмеген.

2010 жылы пайдалануға берілген аталған нысанда 3 пен 5 жасқа дейінгі 120 бала тәрбиеленіп жатыр.

Егер қылмыстық іс жабылып, сотталушы жазасын өтеп болса, мемлекеттік порталдан «соттылығы жоқ» деген анықтама беріле беретін көрінеді.

Алайда ел заңнамасы бойынша нашақорлық, зорлық-зомбылық, адам өлімі мен адамға қасақана ауыр дене жарақатын келтіргені үшін істі болғандарға білім ошақтарында жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

Сондықтан прокурор актісі бойынша бұрын істі болған азамат жұмыстан шығарылды.

Жетісу облысы Балабақша түрмеде отырған м

Тақырыпқа жаңалықтар