Placeholder
Фото: freepik.com
freepik.com
Қазақстан жаңалықтары19 тамыз 2024, 12:00

БҰҰ: Африка елдерінің қарызы 1 трлн долларға жетті

Африка мемлекеттерінің қарызы 1 трлн долларға жетті. Бұл туралы Африка мемлекеттеріне арналған экономикалық комиссияның атқарушы хатшысы Клавер Гатете айтты. «Африка мемлекеттерінің қарызы 1 трлн долларға жетті. Құрлықта орналасқан мемлекеттік қарызы көп әрбір үшінші мемлекет айтарлықтай қаржылай қиындықтарға тап болып отыр»,-деді ол, - деп хабарлайды Arbat.media.

Атқарушы хатшының сөзінше, Афиканың қарызының көбеюі ұзақмерзімді жеңілдікті қаржыландыру мен тікелей шетелдік инвестициялар және дамыту үшін бөлінетін ресми көмек көлемінің қысқаруымен байланысты болып отыр, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ол сонымен қатар кейінгі кездегі климаттың өзгеруі Африкаға қиын соғып жатқанын, жыл сайын құрлықтың біріккен шығындарының көлемі 5% дейін ұлғайып отырғанын атап өтті.

БҰҰ мәліметінше, қазіргі таңда әсіресе Зимбабве, Гана және Эфиопия сияқты мемлекеттер өте қиын жағдайда қалып отыр.

Мемлекеттік қарыздар көлемінің өсуі тек Африкада ғана байқалып отырған жоқ. IFF Global debt monitor ұйымының санауынша, әлемде қарызы бар мемлекеттердің бәрінің берешегі 2024 жылдың бірінші тоқсанында 91,4 трлн долларды құрады.

Африка елдері 1 трлн доллар Қарыз

Тақырыпқа жаңалықтар