Қазақстан жаңалықтары2 тамыз 2024, 14:12

Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының билеті қашан сатылымға шығады

8-13 қыркүйек аралығында Қазақстан астанасында 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтеді. Қазіргі уақытта Асық ату, Ордо, Арқан тарту, Қазақ күресі, Ашыртмалы аба гүреши, Құраш, Кораш, Алыш, Мас-рестлинг, Дәстүрлі садақ ату сияқты жарыстардың түрлеріне билеттер онлайн-сатылымда бар, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

5 тамыздан бастап барлық ниет білдірушілер үшін ойындардың ашылу салтанатына билеттер қолжетімді болады. Халықтың кейбір санаттары үшін жеңілдіктер қарастырылған.

Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: https://worldnomadgames.kz/kz.

Айта кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындары 8-13 қыркүйекте Астанада өтеді. Іс-шараға әлемнің 89 елінен 2000-ға жуық спортшы қатысады. Спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларға 100 мыңнан астам турист келеді деген болжам бар.

Дүниежүзілік көшпелілер ойындары билет сатылым
23 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
23 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
23 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар