Placeholder
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары29 шілде 2024, 14:00

Еліміздегі ең төмен жалақының әділ деңгейін белгілеу: заң жобасы әзірленді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы конвенцияны (131-конвенция) ратификациялау туралы» заң жобасын әзірледі. Құжат 2024 жылғы 8 тамызға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Заң жобасын қабылдау қызметкерлер мен олардың үй шаруашылықтарының қажеттіліктерін ескере отырып, ең төмен жалақының әділ деңгейін белгілеуге мүмкіндік береді, ең төмен жалақы деңгейін белгілеу бөлігінде халықаралық стандарттарды одан әрі енгізуді қамтамасыз етеді және Қазақстанның осы саладағы халықаралық нормаларды сақтауға және орындауға бейілділігін растайды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Құжатпен толығырақ «Ашық НҚА» порталында танысуға болады.

төмен жалақы заң жобасы

Тақырыпқа жаңалықтар