Placeholder
Фото: mrsglobe.kz
mrsglobe.kz
Қазақстан жаңалықтары17 қыркүйек 2024, 6:59

Еліміздің сұлу әйелі анықталды — Мәдина Әбдіғаппарова

Еліміздің ең сұлу әйелі анықталды. Алматыда осымен үшінші рет ұйымдастырылған «Mrs. Globe Kazakhstan-2024» сайысына 500-ден астам үміткер өтініш білдірген. Оның ішінен 18 қатысушы іріктеліп финалға жолдама алды. 25-65 жас аралығындағы әйелдер сәнді киім үлгісін көрсетіп, өнерін паш етті. Жоба үйдің де, түздің де жұмысын қатар алып, жетістікке жеткен әйелдерге арналған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жазады.

Mrs. Globe Kazakhstan сайысына қатысушылардың арасында түрлі салада жетістікке жеткен ханымдар бар. Бірі спортшы болса, енді бірі кәсіпкер. Финалистердің қатарында белгілі әнші Қарлығаш Сұлтанша да бар. Жылдар бойы баласының дертімен арпалысып келген әйел қиындыққа мойымау керек дейді. Алты баланың анасы қазір өнерімен қоса, кәсіпті де қатар алып жүр.

Қарлығаш Сұлтанша:

— Қазақтың әр келіншегінің бойында бір миссиясы бар деп ойлаймын. Адам өмірге келгенде бір миссиямен келеді. Балам 2020 жылы үлкен ауруға шалдықты. Содан бастап әйелдерге көмектесемін, мотивация беремін, өмірін жақсы жаққа өзгерте алатын жан болайын деп. Өйткені менің арқамнан қағатын адам болмаған.

Сайыс қорытындысында Қарлығаш «Еуропа ханымы» атағын жеңіп алып, Грекияда өтетін жарысқа жоладама алды. Бір жыл бойы дайындалған сұлулар финалда алдымен өзін таныстырып, сосын заманауи ұлттық киім үлгілерін көрсетті. Ал мұны қазылар алқасы әділ бағалады.

Жанна Мейрембаева, Mrs. Globe Kazakhstan жобасының директоры:

— Бұл, әрине, әйелдерге арналған жоба. Олар тек сахнада өзін көрсетіп қана қоймай, өмірден алған тәжірибелерімен бөліседі. Қатысушылардың бәрінің балалары, отбасы бар. Олар бизнес құрып, өз жағдайын жасаған жандар. Сондықтан біздің қатысушылар басқа әйелдерге көп нәрсеге қол жеткізуге болатынын мақсат етті.

Мәдина Әбдіғаппарова әділқазылардың ортақ шешімімен Mrs. Globe Kazakhstan-2024 атанды. Ол енді келер жылы Қытайда өтетін халықаралық «Әлем ханымы» байқауында ел намысын қорғамақ.

Mrs. Globe Kazakhstan Мәдина Әбдіғаппарова сұлу әйел байқау

Тақырыпқа жаңалықтар