Қазақстан жаңалықтары16 шілде 2024, 10:12

Енесінің алтын бұйымдарын ұрлаған

22 жастағы елорда тұрғыны енесінің үйінен құны 1 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды алып кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің мәліметінше, бойжеткен алқа, жүзік, екі жұп сырға, екі ер жүзігін қолды еткен, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Полицияға хабарласқан егде әйелдің айтуынша, бұрынғы келіні ұлымен ажырасқан соң әкесімен қалған балаларға қонаққа келген. Ол үйге әр барған сайын ломбардқа тапсыратын алтын бұйымдарды ұралған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Нұра ауданының полицейлері ұрлық жасаған келіншекті анықтаған. Ол кінәсін мойындап, заттай айғақтар алынып, әшекей бұйымдар иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астана қалалық полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды және оңай қол жететін жерлерде бағалы заттарды қалдырмауды ескертеді.

 

ене Алтын ұрлық Астана

Тақырыпқа жаңалықтар