Placeholder Ескерту: Қаржылық мониторинг атынан хабарласатын алаяқтар көбейді
Фото: ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
ҚР ҚМА
Қазақстан жаңалықтары26 шілде 2024, 14:09

Ескерту: Қаржылық мониторинг атынан хабарласатын алаяқтар көбейді

Қаржылық мониторинг агенттігі телефон арқылы жасалған алаяқтық фактілері туралы хабарлады. Алаяқтар телефон қоңыраулары немесе хабарлама жіберу арқылы өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін. Сұхбат барысында Қазақстан резиденттерінің қаражатын банктік шоттардан қылмыстық жолмен алудың әртүрлі схемаларын сылтау етіп, алаяқтықтың ықтимал белгілеріне және ҚМА тарапынан қойылған шектеулерге байланысты банктердегі шоттар бойынша операцияларды тоқтата тұру туралы хабардар етеді. Ары қарай, алаяқтар банктік шоттардың реквизиттерін, заңмен қорғалатын және құпия, жария етілмейтін деректерді ұсынуды сұрайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Әңгімелесу барысында жәбірленушіге Агенттік атынан жалған құжаттар жіберіледі, онда мемлекеттік органның қолы, атауы, мөрі мен реквизиттері орналастырылады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Бұл ретте, қоңырау шалушылар өз әрекеттері жайлы ешкімге хабарламауыңызға кеңес береді.

«Қаржылық мониторинг агенттігі жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін, ақшалай есеп айырысулар не операциялар жүргізбейтінін және жеке тұлғалармен байланыс орнатуға бағытталған қызметті іске асырмайтынын ресми түрде мәлімдейді», - делінген Агенттік хабарламасында.

ескерту Қаржылық мониторинг Алаяқтар

Тақырыпқа жаңалықтар