Қазақстан жаңалықтары14 мамыр 2024, 16:28

«ЕвроХим» компаниясы Жамбыл облысында химиялық кешен салмақ

«ЕвроХим» компаниясы Қазақстанда ауқымды инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастыруда. Бұл жолы Жамбыл облысында бірегей химия кешенін салу туралы келісімшартқа қол қойылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Бүгін елордада «ЕвроХим» минералды химия компаниясы қытайлық CNCEC (China National Engineering Company) компаниясымен Жаңатас қаласында (Жамбыл облысы) химиялық кешенді жобалауға, салуға және пайдалануға беруге келісті.

Инвестициялық жоба – Қазақстан Республикасы бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрінің бұйрығымен және Ресей мен Қазақстан Үкіметі арасындағы келісіммен бекітілген индустрияландырудың бірыңғай картасына сәйкес іске асырылады.

Келісімшартқа қол қою рәсімінде Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жобаның өңірдің ауыл шаруашылығы мен экономикасын дамытуға қосатын елеулі үлесін атап өтті.

«Өндірістің қауіпсіздігі жер немесе судың болуынан басталмайды. Бұл оның негізі, бірақ шынымен де өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тыңайтқыш қажет. Сондықтан біз үшін бұл өте маңызды жоба. Біз оны ЕвроХим компаниясы және қытайлық серіктестермен бірге жүзеге асырамыз. Бұл Еуразиялық кооперацияның айтарлықтай үлгісі. Яғни аймақтық өндіріс қауіпсіздігі үшін бұл өте маңызды оқиға», - деді министр.

Қазақстандағы «ЕвроХим» компаниясының инвестициялық жобасы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жылына 640 мың тонна фосфорит ұнын өндіретін тау-кен кешені салынды. Екінші кезеңде, 2026 жылы пайдалануға берілетін күкірт қышқылы өндірісінің құрылысын, ал үшінші жоба 2027 жылы іске қосылатын химиялық кешен салуды көздейді. Жобаны іске асыруға жалпы көлемі 1 млрд доллар инвестиция салынып отыр.

Сондай-ақ, жаңа кәсіпорында 2400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, оның кемінде 80% Қазақстан азаматтары болады деп жоспарланып отыр.

Қазақстандағы «ЕвроХим» компаниясының жаңа химиялық кешені – минералды тыңайтқыштар, химиялық өнімдердің ассортименті және жалпы өндірістің жиынтық қуаты бойынша бірегей кәсіпорын болмақ. Осылайша шығарылатын өнімнің жылдық көлемі 1 млн тоннадан астам минералды тыңайтқыштар мен өнеркәсіптік өнімдерді құрайды.

«Қазақстан – «ЕуроХим» үшін Орталық Азия нарығындағы басты ел. Ал біз үшін, инвестор ретінде ең тартымды мемлекет. Жаңадан салынатын химиялық кешеннің тыңайтқыштары ауыл шаруашылығын және елдің экспорттық әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқарады деп есептейміз. Меншікті дистрибуция желісі және біздің «кеніштен фермаға дейін» жұмыс істеу қағидаты аграршылардың жоғары сапалы тыңайтқыштарға қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның және аймақтағы басқа да елдердің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға ықпал етеді», - деді «ЕуроХим» компаниясының президенті Олег Ширяев.

«ЕуроХим» - Ресейдегі минералды тыңайтқыштар өндірісіндегі ең ірі инвестор. Компанияның химия және тау-кен саласында ірі жобаларды сәтті жүзеге асыруда көп жылдық тәжірибесі бар. Соңғы бірнеше жылда компания Ресей Федерациясында бірқатар жаңа өндірістік кәсіпорынды іске қосты. Атап айтқанда, Ленинград облысындағы «ЕвроХим» - Солтүстік-Батыс аммиак зауыты, Пермь өлкесіндегі Усол калий комбинаты және Волгоград облысындағы «Волга Калий» зауыты. Компания Ленинград облысындағы» ЕвроХим – Солтүстік-Батыс-2» аммиак және карбамид өндіру зауытының құрылысын, Ставрополь өлкесінде калий нитратының өндірісін жүргізуде. 2024 жылғы наурыз айында компания Бразилияда фосфатты тыңайтқыштар өндіретін заманауи кешенді іске қосты.

CNCEC – мұнай-химия саласы кәсіпорындарын, оның ішінде Қазақстанда құрылыс бойынша тәжірибесі мол жетекші өнеркәсіптік-инжинирингтік компаниялардың бірі.

ЕвроХим Жамбыл облысы химиялық кешен

Тақырыпқа жаңалықтар