Қазақстан жаңалықтары6 ақпан 2024, 12:34

Көкшетауда аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері қамауға алынды

Көкшетауда Бұланды аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотының хабарлауынша, сот қаулысымен «Д-ға» қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы екі ай мерзімге санкцияланды.

«Бұланды аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары «Д.» жеке меншікке қарсы ауыр қылмыс (ҚК 190-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы «Алаяқтық») жасады деген күдікке ілінді», деп хабарлады Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Көкшетау аудандық ішкі істер бөлімі қызметкер қамауға алынды
14 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар